Ақтөбеде 13 жастағы бала ата-анасының көз алдында суға батып кетті
Ақтөбеде 13 жастағы бала ата-анасының көз алдында суға батып кетті
140
оқылды

Бүгін Хромтау ауданы Бөгетсай ауылындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті.

Құтқарушыларға хабарлама баланың ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов: «Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған. Баланың қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Су маңайында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек», – деді.

Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтап жатыр.