Қытай DiDi таксидің қосымшасын неге жойғалы жатыр?
Қытай DiDi таксидің қосымшасын неге жойғалы жатыр?
140
оқылды

DiDi қызмет көрсету барысында адамдардың қозғалысы туралы орасан көп мәлімет жинақтайды. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

«DiDi Travel қосымшасы тексерістен өткеннен кейін жеке мәліметтерді жинау және пайдалану кезінде заңды өрескел бұзғаны анықталды. ҚХР «Желілік қауіпсіздік» жөніндегі заңға енгізілген қосымшаға сәйкес, Киберқауіпсіздік әкімшілігі қосымшалар дүкеніне DiDi Travel қосымшасының жойылатынын ескертті. Сондай-ақ, DiDi Travel Technology Co., Ltd-дан заңнама талаптарын сақтауды, сонымен қатар орасан көп қолданушылардың жеке мәліметтерін тиімді түрде қорғау үшін проблемаларды шешуді талап етті» делінген Қытайдың киберқауіпсіздік әкімшілігінің хабарламасында.

DiDi таксиі Қазақстанда да бар. Бір аптадан бері Алматы мен астанада қызмет көрсетеді.