Елбасы кубогіне арналған жарыста Алматы облысы Қарасай ауданынан бәйгеге қосылған Мамайқара сәйгүлігі топ жарды, – деп хабарлайды 24.kz.
Екінші орын Әулиета өңірінен келген Сармат атты тұлпарға бұйырды. Оған да қаржылай сыйақы берілді. Үшінші және төртінші болып, мәреге Батыс Қазақстан мен Алматы облысының тұлпары келді.Шабандоздың есімі – Байқан Асанқұлов. Ол 13 айналымда топ арасында жүріп, тек соңғы айналымда қара үзіп алға шықты. Жылқы иесіне 4 миллион теңге табысталды.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 25 миллион теңге. Жарысқа барлық өңірден 40 сәйгүлік қатысты.