Тоқаев Эмомали Рахмонмен Орталық Азиядағы ахуалды талқылады
Тоқаев Эмомали Рахмонмен Орталық Азиядағы ахуалды талқылады
237
оқылды

Тәжікстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Әңгімелесу барысында екі ел президенттері Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Орталық Азия аймағындағы ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасты. Қазақстан Президенті Тәжікстанмен арадағы достық қатынастардың мызғымастығын нақтылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19-20 мамырда Душанбеге жасаған сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды Қазақстанның орындайтынын және бауырлас тәжік халқына берілетін көмекті жалғастыра беретінін айтты.

Мемлекет басшылары аймақтағы ахуал жайында өзара ақпарат алмасу және іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.