Нұр-Сұлтанда ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді
Нұр-Сұлтанда ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді
138
оқылды
Қазақстан метеорологиялық қызметі ертең Нұр-Сұлтанда аздап жаңбыр жауады деген хабарлама таратты. Күндіз ауа температурасы 23-25 ​​градусқа, түнде 15-16 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар еліміздің басқа аймақтарында ауа-райы өзгереді. 6 шілдеде Маңғыстау облысының оңтүстігінде 45 градусқа дейін өте қатты ыстық, жоғары өрт қауіпі сақталады. Кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 39 градусқа дейін қатты ыстық, жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.