Бурабайда 19 адам құтқарылды
Бурабайда 19 адам құтқарылды
121
оқылды

5 шілде сағат 20.00-де құтқарушылар Бурабай көлінде патрульдеу кезінде 19 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Желдің күшеюіне байланысты туристер қайықтармен және катамарандармен жағалауға өз еркімен жете алмады. Ақмола облысы ТЖД құтқарушыларының жедел іс-қимылдарының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. ҚР ТЖМ азаматтарға судағы негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.