Жаңа қаулы: Түркістан облысында үйде де той өткізуге тыйым салынды    
Жаңа қаулы: Түркістан облысында үйде де той өткізуге тыйым салынды    
Фото: today.kg
163
оқылды

Жаңа қаулыда аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанша карантинді қатаңдату мәселесі жазылған.

«Бұқаралық іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды көпшілік жиналатын орындар мен үй аумағында өткізуге тыйым салынсын. Қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген нысандарға барғанда маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық сақтау және антисептик пайдалану талаптары қатаң сақталсын. Ойын-сауық нысандарының (түнгі ойын клубтары, караоке, букмекерлік кеңселер, жабық ғимараттағы балалар алаңдары, батут пен аттракциондар) қызметіне тыйым салынсын. Ashyq жобасына қатыспаған нысандар – мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, облысаралық тұрақты емес тасымалдар (туристік), бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, цирк, банкет залдарының қызметіне тыйым салынсын» деп жазылған қаулыда.

65 жастан асқандардың адам көп жиналатын ортада жүруіне шектеу бар. Қоғамдық көлік қалада сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды.