Әкім бірнеше күннен бері жері өртеніп, мал қырылған ауылдарды бүгін әуеден бақылап қайтты  
Әкім бірнеше күннен бері жері өртеніп, мал қырылған ауылдарды бүгін әуеден бақылап қайтты  
Фото: Жеңіс Қасымбектің Facebook-тағы парақшасынан алынды
174
оқылды

Ауылға сапары жайында әкім Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Сағат 10:00-де Шеңбер ауылдық округінде болдым. Мұнда дала өртінің тағы бір ошағы тіркелді. Өрт Қостанай облысы жағынан келді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер және орман шаруашылығының қызметкерлері жұмыс істеуде. Елдімекенге төніп тұрған қауіп жоқ.   [caption id="attachment_149912" align="aligncenter" width="1024"] width= Фото: Жеңіс Қасымбектің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Сондай-ақ әуеге көтеріліп, Амангелді ауылдық округіндегі жағдаймен таныстым. Мұнда түнде өрт орын алған болатын. Қазір өрт ошағы толықтай сөндірілді. Ұлытау ауданы бойынша барлығы 6 өрт ошағы бақылауға алынған. Оның ішінде төрт дала өрті және екі өрт ошағы бар. Сәтбаев қаласы маңындағы өрт ошағы сөндірілді.   [caption id="attachment_149913" align="aligncenter" width="840"] width= Фото: Жеңіс Қасымбектің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Борсеңгір ауылының маңындағы өртті сөндіріп жатыр. Қауіпті учаскелерді жою үшін қажетті күштер мен құралдар жеткілікті. Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан әкімдіктер 20 тонна көлемінде жанар-жағармай мен азық-түлік жеткізуді ұйымдастырды», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін Ұлытаудағы өрттен келген шығынды есептейтін комиссия құрылғанын және 23 жастағы жігіттің мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.