Елбасы Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған саммитке қатысты
Елбасы Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған саммитке қатысты
©Elbasy.kz

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Қытай Коммунистік партиясының бастамасымен әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының онлайн саммиті өтті.

«Халықтың бақыты үшін күрес: партиялардың жауапкершілігі» атты саммит Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Онда 10 мыңға жуық партия өкілдері, оның ішінде әлемнің 160 елінен партия мен саяси ұйымдардың 500-ге жуық көшбасшысы қатысты. Сонымен бірге саяси 21 партияның көшбасшылары сөз сөйледі. [caption id="attachment_149964" align="alignnone" width="1200"] Қытай Коммунистік партиясы ©Elbasy.kz[/caption] Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде екінші болып сөйледі. Бұл оның халықаралық беделін көрсетіп, ұйымдастырушылардың Қазақстанның Тұңғыш Президентіне деген ерекше көзқарасын көрсетеді. Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия өңірінен сөз сөйлеген жалғыз маңызды қонақ болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өз сөзінде Nur Otan партиясының Қазақстанның дамуындағы рөлін айтап өтті. «ҚХР-дың XXI ғасырда өркендеуі және қарқынды дамуы елді басқарып отырған Қытай Коммунистік партиясымен тығыз байланысты. Бүгінгі біздің Саммиттің тақырыбы өте маңызды және мен басқарып отырған Nur Otan саяси партиясы жұмысының негізгі келбетін көрсетеді. Билік партиясы бола отырып, біз әуел бастан-ақ оның басым бағыттарын анықтап алдық: егер партияның жетістіктері халықтың әл-ауқатын арттыруға алып келмесе, оның ешбір құны жоқ. Бұл жолда біздің жетістігіміз жеткілікті деп ұялмай айта аламын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлін айтып, экономикалық жетістігін атап өтті. ©Elbasy.kz «Отандастарымыздың партияға деген сенімі мен қолдауының арқасында Қазақстан қазіргі жағдайға жетті. БҰҰ-ның адами даму деңгейі ең жоғары елдері тобында 181 елдің ішінен 51-орынға тұрақтады. Экономикалық көрсеткіштер бойынша әлем елдері арасында 41-орындамыз. Ал ТМД елдері арасында екінші орындағы экономиканы қалыптастырдық. Әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің арасында 35-ші орын аламыз. Сонымен қатар, мемлекеттің ЖІӨ – 15 есеге (171 млрд. долларға дейін), жан басына жаққандағы ЖІӨ – 13 есеге (9,1 мың доллар) өсті. Азаматтардың әл-ауқаты еселеп өсіп, Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетіп, ТМД бойынша тек Ресейге жол беріп, екінші орынға шықтық», - деді Елбасы. Оның айтуынша, Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан халқының кірісі 10 есеге өсіп, әлеуметтік төлемдер де еселеп артқан. Кедейлік 11 есеге азайған (11%-ға дейін), жұмыссыздық 3 есеге төмендеген (4,8%). Ел экономикасына 365 млрд. доллар инвестиция тартылды. 95 млрд. доллар көлемінде валюталық қор жиналып, Ұлттық қор құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның алдағы мақсаты – 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру екенін де атап өтті.