Атырауды шаңды дауыл басты

дауыл
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz/

Атырау қаласы мен аудандардың кейбірінде шаңды дауыл соғып тұр.

Бүгін Атырауда аптап ыстыққа қоса шаңды дауыл тұрғындардың мазасын алды. Қазір жел екпіні секундына 20 метрден асады.

Бұл көптен жаңбыр жаумаған өңірде шаңды дауылды көтеріп жіберді. Әлеуметтік желіні қолданушылардың пікірінше, шаңды дауыл көліктердің жүруін қиындатқан.

Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге жолда абай болуды ескертіп отыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.