Павлодар «Сарыарқа» деген атауға ауыса ма?
Павлодар «Сарыарқа» деген атауға ауыса ма?
©https://adyrna.kz
252
оқылды

Соңғы уақытта желіде Павлодар қаласының атауын «Сарыарқа» деп ауыстыру туралы пікір қызу талқылануда. Тіпті, кейбір блогерлер Павлодарды Сарыарқа деп атай бастаған.

Ал желі қолданушылары болса, мұны қала әкімдігі әдейі ұйымдастырып жатыр деген пікір білдіруде. Десек те жергілікті билік мұндай шешім қарастырып жатқанын жасырмады.

«Павлодар қаласының атауын өзгерту жөніндегі ономастикалық комиссияға ешқандай өтініштер мен ұсыныстар түскен жоқ. Қала әкімдігі бұл мәселені қарастырмайды. Тиісінше, блогерлерге ешқандай тапсырыс жасалмады, бұл біздің PR шарамыз емес», - деді әкімдік өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ деген еді.