Алматыда жер сілкінді
Алматыда жер сілкінді
24.kz
107
оқылды

Алматыдан 649 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Бұл жайында ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі хабарлады.

7 шілде күні Алматы уақытымен 00 сағат 16 минут 16 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 649 шақырым жерде Тәжікстанда орналасты. Магнитудасы: 4.7, кіндігі: 50 шақырым.