Бір тәулікте 2700-ден аса адамнан коронавирус анықталды
Бір тәулікте 2700-ден аса адамнан коронавирус анықталды
125
оқылды

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды. Өткен тәулікте 2711 адамнан коронавирус анықталды. Бұл жайында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 799, Алматы қаласында - 299, Шымкент қаласында – 127, Ақмола облысында – 126, Ақтөбе облысында - 63, Алматы облысында - 49, Атырау облысында - 157, Шығыс Қазақстан облысында - 70, Жамбыл облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 189, Қарағанды облысында - 395, Қостанай облысында - 53, Қызылорда облысында - 43, Маңғыстау облысында - 104, Павлодар облысында - 118, Солтүстік Қазақстан облысында - 42, Түркістан облысында - 42. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 442 291-ге жетіп отыр. Сонымен қатар  өткен тәулікте 1 511 адам коронавирустан жазылды.