Беларусь президенттігіне экс-кандидат 14 жылға сотталды
Беларусь президенттігіне экс-кандидат 14 жылға сотталды
151
оқылды

«Белгазпромбанк» басқармасының бұрынғы төрағасы Виктор Бабарико 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Жоғарғы сот үкімді 6 шілдеде жариялады. Бұл жайында БЕЛТА агенттігі жариялады.

Бабарикоға аса ірі мөлшерде пара алып, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты аса ірі мөлшерде заңдастырды деген айып тағылды.

«Қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы Бабарикоға 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, күшейтілген режим жағдайында түзеу колониясында 5 мың базалық мөлшерде айыппұл салып, ұйымдастырушылық, әкімшілік және әкімшілік-шаруашылық міндеттерін орындаумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан бес жылға айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Игорь Любовицкий.

Бабарикодан 47 миллионнан аса рубль өндірілген. Үкім қайта шағымдауға жатпайды және жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.  Бабарико "Белгазпромбанкті" былтыр жаз мезгілінде Беларусь президенттігіне үміткер болуға шешім қабылдағанға дейін 20 жыл басқарған.