Польшада қазақстандық жасөспірімді өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді
Польшада қазақстандық жасөспірімді өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді
©https://adyrna.kz/

Dziennik Wschodni мәлімдеуінше, "Люблин аудандық прокуратурасы сотқа айыптау қорытындысын берді", - делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға былтыр 2 қарашада Польшаның  Ополе Любельское қаласында болған. 52 жастағы азамат 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген. Жасөспірім Клучковицадағы интернат маңында студенттер білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасында жолдастарымен алма теріп жүрген. Бұл мәліметті ҚР СІМ растаған еді.

Айыпталушы  52 жастағы зейнетке шыққан полиция қызметкері әрі аңшы екен. Ол Ополе-Люблинск әскери құрамында қызмет етіп жүргенде аңшы мылтығын қолдануға рұқсаты болған.  Оның сөзінше, ол баланы емес, жабайы қабанды атпақ болған.