Nur Otan: демалысқа шыққан депутаттар шалғай ауылдарды да аралайды
Nur Otan: демалысқа шыққан депутаттар шалғай ауылдарды да аралайды
Фото: ernur.kz

Қазақстандықтарды толғандыратын өзекті де түйінді мәселелерді талқылауға және партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға ерекше назар аударылады, – деп хабарлайды Nur Otan партиясының баспасөз қызметі.

Нұротандық депутаттар облыс және аудан орталықтарына ғана емес, шалғай елдімекендерге де барады. Әр өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер жоспарланған. Сонымен қатар, халық қалаулылары азаматтарды қабылдау өткізеді. Жалпы халық қалаулылары сайлаушылармен мыңнан астам кездесу өткізеді. Олар екі кезеңде: осы жылдың 7-16 шілдесі мен 19-28 тамызы аралығында өтеді. Кездесулер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады. Айта кету керек, Мәжілістің VII шақырылымының бірінші сессиясында Палатаның қарауында 86 заң жобасы болды, оның 49-ы мақұлданып, Сенатқа жолданды.

Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, Nur Otan фракциясының мүшелері өздерінің заң шығару бастамасы құқығын белсенді пайдалана отырып, 10 заң жобасын әзірледі. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, банк жүйелері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, өңірлік даму және т.б. мәселелерге қатысты 94 депутаттық сауал жолдады.