Қазақстанда бір айда үй бағасы қанша пайыз қымбаттады?
Қазақстанда бір айда үй бағасы қанша пайыз қымбаттады?
Фото: kazus.kz
155
оқылды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Соңғы бір айда абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы – 1,2, жаңа тұрғын үйді сату 0,9 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3 пайыз жоғары болды. Былтыр желтоқсанмен салыстырғанда маусымда жаңа тұрғын үйді сату – 9,2, абаттандырылған тұрғын үйді алып сату – 14,7, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 7,4 пайызға көтерілген. Жаңа тұрғын үйлер былтырға қарағанда  9,6 пайызға қымбаттап, шаршы метрі 338 450 теңгеге жетті.

Абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату құны 22,3 пайызға көтеріліп, шаршы метрі 267 364 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,9 пайыза артып, шаршы метрі 1 764 теңге болды.