Бірнеше өңірде нөсер жауын жауып, шаңды дауыл тұрады

Бірнеше өңірде нөсер жауын жауып, шаңды дауыл тұрады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жаңбырлы болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Нұр-Сұлтанда сынап бағанасы күндіз +26 .. + 28 °C, түнде +13 .. + 15 °C көрсетеді. Күндіз жаңбыр жауады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұрады, жел секундына 15-25 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріліп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түркістан облысында дауыл тұрады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Шымкентте синоптиктер көшпелі бұлт шығады деп болжап отыр, күндіз +40 ..          + 42 °C-қа дейін ыстық болады. Қызылорда облысында қатты ыстық болады, желдің жылдамдығы – секундына 15-25 метр, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысында секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Күндіз Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады, Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болады.