ШҚО-да демалыс күндері 5 адам суға батып кеткен
ШҚО-да демалыс күндері 5 адам суға батып кеткен
Фото: Inform.kz
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері облыста 5 адам суға батып кеткен. Демалыс күндері ыстық болған соң шығысқазақстандықтар су айдындарына асықты, соның ішінде тыйым салу белгілері тұрған жерлерде шомылды. Яғни, демалыс күндері облыста 5 адам суға батып кетті.
«4 шілдеде Шемонаиха ауданында понтон көпірі ауданында белгіленбеген жерде шомылып жүрген 30 жастағы жігіт суға батып кетті. Ауданда шомылуға тыйым салатын 14 белгі орнатылған және жігіт суға батып кеткен жерде тыйым салатын белгі тұр. 6 шілдеде Серебрянск қаласында Ертіс өзеніне 21 жастағы жігіт суға батып кетті. Шомылуға белгіленбеген жерде суға түсіп, ол шығанақты жүзіп өтпек болған. Шығанақтың ені шамамен 40 метр. Жас жігіт арғы жағаға барып, кері қайтқанда 5-6 метр жүзіп, суға батып кеткен», – делінген хабарламада.
Сол күні Семей қаласында 1 адам суға батып, 2 адам жоғалып кеткен.