Ақтөбеде бесінші қабаттан құлап кеткен бала көз жұмды
Ақтөбеде бесінші қабаттан құлап кеткен бала көз жұмды
134
оқылды
Ақтөбеде бесінші қабаттан құлап, бір апта ауруханада жатқан 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Inform.kz. Облыстық Полиция департаменті жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және орналасқан жерін мұқият бақылау қажет екенін ескертеді. Биыл өңірде бес бала терезеден құлап кетті.
«30 маусым күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде жазатайым оқиға болды. Бесінші қабаттан 2 жасар бала құлап кеткен. Баланың анасы ас үйде болған. Бала түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бір апта ауруханада жатқан бала көз жұмды. Осыған байланысты ата-аналарға мұқият болуды, балаға үнемі қауіпсіздік ережесін еске салып отыруды ескертеміз», - деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.