Өрт сөндірушілер Көкшетаудағы дала өртімен арпалысып жатыр

Өрт сөндірушілер Көкшетаудағы дала өртімен арпалысып жатыр

Көкшетау қаласы маңындағы далада құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Мәлімет бойынша, бүгін Подхоз кенті аумағында «Көкшетау – Щучье» тас жолының 7 шақырымы тұсында дала өртенді.

«Қызыл жалын 20 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 96 адам және 10 өрт сөндіру техникасы, М.Ғабдуллин Азаматық қорғау академиясының 28 қызметкері және 1 техникасы, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесінің 25 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылуда. Өрттен зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ, елді-мекендерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда», - дейді ведомстоводан.
[caption id="attachment_150114" align="alignnone" > Фото: ТЖД[/caption]