Спортшы жасөспірімді ұрып тастады
Спортшы жасөспірімді ұрып тастады
©https://adyrna.kz/
127
оқылды

Алматы облысында спортшы 17 жастағы жасөспірімді ұрып тастады.

Жанжал 6 шілдеде көпқабатты үйлердің аулаларының бірінде болған. «Бастапқыда екеуі әзілдесіп сөйлескен. Артынан әңгімелері бірін-бірі келеке етіп, дөрекілікке көшкен. Ашуланған жасөспірім жігіттің анасын балағаттап, боқтап салған. Нәтижесінде спортшы жасөспірімді ұрып тастаған. Салдарынан кәмелетке толмаған жеткіншек дене жарақаттарымен ауруханаға түскен. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - деді  облыстық Полиция департаментінің өкілі. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=LazfV_nnIsw[/embed] Іс ҚР Қылмыстық кодексінің (Бұзақылық) 293-бап, 1-тармағы бойынша тіркелген.