Әнші Мақпал Исабекова мен оның сүйіктісі енді ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Олар рамазан айында мешітте шариғат бойынша некесін қидырған еді.
Жас жұбайлар өміріндегі бақытты сәтті ет-жақындарымен бірге өткізуді шешіп, санаулақ дос-жаранын шақырып, шағын той жасаған.Мақпал Исабекованың қуанышына жиналған жұлдызды қонақтар бұл жаңалықпен Instagram парақшасында бөлісіп, мерекелік кештен сурет пен видеоларды жариялады.