Күннің ыстығында не жеген дұрыс?
Күннің ыстығында не жеген дұрыс?
©https://toitumine.ee/

Дәрігер Андрей Тяжельников ыстық күнде негізгі диета таза су, көкөніс пен жемістерден тұруы керегін сөз етті. Оның айтуынша, күннің қатты ыстығында дененің су-тұз теңгерімін бақылау керек.

«Ыстық ауа райында таза су ішіп, қантты және газдалған сусындардан бас тартқан абзал. Кофенің де мөлшерін асыра пайдаланбаңыз. Алкогольді де ішпеген дұрыс. Өйткені ішімдік адам ағзасындағы терморегуляцияны бұзып, жүрек-қантамыр жүйесіне шамадан тыс күш түсіреді», - дейді ол.

Сондай-ақ, дәрігер майлы ет тағамдардан гөрі, күн ыстықта жеңіл сорпа, салаттар мен сүт өнімдерін пайдалануға кеңес берді.