Полицейден ақша бопсалаған «блогер» ұсталды
Полицейден ақша бопсалаған «блогер» ұсталды
Фото: caspianlife.kz

Күдікті өзін «блогермін» деп таныстырған. Полиция департаментінің мәліметінше, 34 жастағы Б. есімді ер адам өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырып, тұрғындарды арандатпай, әлеуметтік желіде видео жарияламауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан.

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов: «Ақша сомасы 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Бұл жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде расталды. Күдікті Әуезов ауданында өзі сұратқан 300 долларды алып жатқан кезде ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», – деді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.