Астана маңындағы жол апаты: полицей қаза тапты
Астана маңындағы жол апаты: полицей қаза тапты
Фото: riavrn.ru

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 шілдеде түнгі сағат 12:24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылы маңында болған.

«30 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, Lexus GS 300 автокөлігімен аударылған. Жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көліктегі 35 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ол полиция қызметкері болған. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицей.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан қайтыс болған полицей – Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы. Көлікті жүргізген де полицей болған.

Бұған дейін полицейлерден ақша бопсалаған «блогер» туралы жазған болатынбыз.