"Өлді деуге бола ма?". Сатыбалды Нарымбетовпен сұрағы жоқ сұхбат
"Өлді деуге бола ма?". Сатыбалды Нарымбетовпен сұрағы жоқ сұхбат
229
оқылды
Фильмде ("Аманат" фильмі) Халел Досмұхамедовтің жас Бекмахановқа айтқан сөзі бар "Ит айнадан өзінің бейнесін көргенде, ол оны бөтен ит деп ойлайды. Біздің де тарихқа деген қарым-қатынасымыз сондай. Біз өткенімізді білмейміз, бөтен біреудің тарихы деп ойлап, айқайлай береміз. Сталин заманында өткенімізді өшірді, тарихы жоқ ұлт сияқты етті. Егер терең үңілсек, біздің өткенімізде ұлы ұлттың тарихы жасырылған". Егемен ел болдық дейміз... Ендігі іздену – басқаша... Үш жүз жетпіс жыл бұрын тарихтың қара сандығының түбінде шіруге айналған, ұлт ретіндегі автопортретімізді қайтадан қалпына келтіру үдерісі жүріп жатыр... Құдайға шүкір, архивтің қара құлпын қайта аштық па? Әлде сол құлып, тот басып, шіріп, өзі ашыла қалды ма? Ең бастысы, портретіміздің негізі табылды, енді соны қалпына келтіру – басты міндетіміз... (Egemen Qazaqstan). Күнде өкінемін. Неге десеңіз, әр фильмімнің арасында төрт-бес жылым өтіп жатыр. «Мұстафа Шоқайдан» соң жеті жылдан кейін «Аманат» түсірілді. Күттім мен, ақша қашан береді деп күттім… Менің Мәскеуде бірге оқыған бір курстасым өзінің 33 фильмін түсіріп, қазір 34 фильмін қолға алып отыр. Ал мен жеті-ақ фильм түсірдім. Қалай? Не үшін? Ол менің жалқаулығымнан ғана емес. Біздікі – күтумен өткен өмір. Осыған өкінемін. (Аstana akshamy) Мен зерттеген Мұстафа Шоқай, Бекмаханов, Бөкейханов, Кенесары – мен үшін үлкен ориентир, планка... Олардың интеллектуалдық деңгейіне дейін секіріп, қол жеткізу – үлкен арман, стимул. Дүниеге, болмысқа соларша көз салуға өзіңді өзің дайындау... Ойбо-о-ой, бұл енді ащы азап қой... Өкінішке қарай, діттегенің болмыспен кереғар болып жатқанын айтам да, азап деп...(Egemen Qazaqstan). Қазір он баланың екеуі ауылдан келеді. Ауылда талантты, талапты бала көп. Солар естімей қала ма, оқуға тапсыруға көп келмейді. Академияға менің бір назым бар: оқытушылар жер-жерге барып, хабар айтса. Талантты балаларды жинаса. Кезінде біздің көп майталмандарымыз солай жиналған еді. Көбіне қалада өскен балалар оқуға түсіп жатады. Бұл, біріншіден, олардың ақпаратқа бірінші жететіндіктерінен. Интер­нет қолдарында, құлақтары түрік. Олар­ға қазақ әдебиетінен кімді біле­сің десең: Абай, Мұхтар, Мұ­қа­ға­лиды айтады. Түптеп сұ­рап қалсаң, тіпті оқымаған болып шығады (malim.kz). Қазақтың тұлғалары жайлы кино түсiруге менiң бар өмiрiм жетпейдi. Кино әлі күнге дейін әдебиет пен театрдың арасында өз отауын тіккенмен, шаңырағын толық көтере алған жоқ.