Алматы облысында селден алты үй қирады
Алматы облысында селден алты үй қирады
Фото: vlast.kz
294
оқылды

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті кеше сағат 21:39-да Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында сел жүргенін хабарлады.

Диаметрі 50 мм. су құбырынан су ағып, соның салдарынан топырақ езілген. Сол балшық көшкен. Көшкін салдарынан саяжайдағы 6 үй қираған. Үшеуі қараусыз қалған екен. Тағы бір саяжай жартылай бүлінді.

Балшық көлемі шамамен 50 мың текше метр, ұзындығы – 200 метр. Шамамен 310 метрге жылжыған, жалпы ұзындығы – 510 метр, ені – 50 метр және соңына таман – 7 метр, биіктігі 1-ден 7 метрге дейін жетті.

Қазіргі уақытта аумақ тазартылып жатыр.