Биыл 3 шілде күні 41 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны полицияға шағымданды.
Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер күдікті – 17 және 18 жастағы екі жігітті ұстады.Ол кәмелетке толмаған қызы бірнеше күн бұрын ұялы телефонын жоғалтып алғанын айтты. Телефонды біреу тауып алып, банктің мобильді қосымшасы арқылы жәбірленушінің есепшотынан 20 мың теңге алғаны анықталды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.