Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласында карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы шығарды. Қаулы 2021 жылғы 11 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енеді.
Қаулы бойынша, мейрамхана, дәмханалар орналасқан жеріне қарамастан, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы бойынша 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен және ашық ауада (жазғы залдарда) отыратын орындарының саны 30-дан аспайтын есеппен жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен, тамақты жеткізу және шығару қызметі штаттық режимде ұйымдастырылуы керек. Компьютер клубтарының, PlayStation клубтарының, боулингтердің, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, хайуанат парктерінің, океанариумдардың, батуттардың, кинорумдардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотереялардың, балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және жабық үй-жайлардағы аттракциондардың, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтардың жұмысына да тыйым салынады. «Жабық жағажайлар мен аквапарктердің, оның ішінде бассейндердің жұмысына, Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында теплоход, катер, қайық, катамаран, су мотоциклі сияқты серуендеу кеме құралдарының жұмысына да тыйым салынсын», - делінген қаулыда.Қаулы бойынша, қала аумағындағы жағажайлардың, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлердегі жағажайлардың және ашық ауадағы аквапарктердің жұмысына да тыйым салынады.