Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған
Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған
Фото: Polisia.kz
Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 34 жастағы Б.есімді ер адам өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырып, арандатушылықтар жасамауға және желіде бейнелер орналастырмауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан.
– Сома 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Мұны жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар растайды. Күдіктіні қамауға алу қаланың Әуезов ауданында, сұратқан 300$ алып жатқан кезде жүзеге асырылды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша тергеу амалдары ПД Тергеу басқармасымен жүргізілуде, – деп хабарлады, Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов.