Күйеуі әйелін үтікпен күйдіріп, екі күн қамап ұстаған (фото)
Күйеуі әйелін үтікпен күйдіріп, екі күн қамап ұстаған (фото)
218
оқылды

«Талдыкорганец» Facebook парақшасында белгісіз әйелдің басынан кешкен жантүршігерлік оқиғасы туралы жазба пайда болды. Күйеуі аяусыз ұрып, денесін үтікпен күйдіргені жайында келіншектің танысы баяндаған.

 «Талдықорғанда күйеуі әйелін қорлап, екі тәулік бойы бір бөлмеге қамап қойған. Телефонын тартып алған. Аяусыз ұрып-соққан. Үтікпен денесін күйдірген. Алған жарақаттарынан әйел бірнеше рет есінен танып қалған. Бетінің жартысы ісіп кеткен. Асқан жауыздықпен қорлаған. Құлағын кескілеген. Менің осында жазып отырғанымды өзі білмейді. Осы туралы ел білсе екен деймін. Денесінің әр жерінде жарақаты бар. Тіпті, омырауы мен ішінде де», - дейді ол.

үтік

Сонымен қатар ол бұл оқиғаның Талдықорған қаласындағы 4 шағынауданда болғанын айтты. Ал әйелдің қазіргі денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.