Мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйдің қасбеті опырылып құлайын деп тұр – видео

Мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйдің қасбеті опырылып құлайын деп тұр – видео

Оқиға бүгін таңертең Түрксіб ауданында болған. «Жас Қанат» ықшамауданында көпқабатты үйдің қаптамасы опырылған. Апаттың алдын алу үшін үйдің аумағы қоршауға алынды. Көпқабатты үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған.

Құтқарушылар мен шенеуніктер апаттың себебін анықтап жатыр.

Алматы қалалық жайлы орта басқармасының тұрғын үй саясаты бөлімінің басшысы Олжас Тәжібаев: «Тұрғын үй 2015 жылы пайдалануға берілді. Екі кепілдік мерзімі аяқталды. Мамандарды қасбеттің бөліну себептерін тексеру үшін оқиға орнына жібердік. Бұл сапасыз құрылыс немесе техникалық қызмет көрсету салдарынан болуы мүмкін. Үйдің қасбетіне пенопластың сыртынан тор қапталған. Қабырға мен қаптама арасына төбеден су кірген болуы да мүмкін. Құрылысты «Астана құрылыс» салған. Кінәлі құрылыс компаниясы ма, әлде ПИК пе, анықтаймыз», – деді.

  https://youtu.be/sly-KeKnAak

Бұған дейін Алматыда «Алғабас» ықшамауданында көпқабатты үйлердің құлайын деп тұрғанын жазған болатынбыз.