Мотоциклмен келе жатқан жасөспірімді автокөлік қағып кетті
Мотоциклмен келе жатқан жасөспірімді автокөлік қағып кетті
Фото: ПД-нен алынды
130
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 шілде күні Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылында болды.

Сағат 12.30-да 65 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2107» автокөлігімен 16 жастағы мотоциклмен келе жатқан жасөспірімді қағып кетті. Жасөспірім Сырым аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жасөспірім санавиациямен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер бірнеше сағат ота жасады.