Ұлытаудағы өрт: шаруаларға қандай көмек көрсетіледі?
Ұлытаудағы өрт: шаруаларға қандай көмек көрсетіледі?
Фото: ortalyq.kz

Өрттен 39 шаруа зардап шекті. Олардың жайылымы өртенді. Бір шаруа қожалығы 318 малынан айырылды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаровтың айтуынша, шығынға өтемақы төленеді. Ол шаруалармен, оның ішінде, малы қырылған шаруа қожалығының басшысы Сағынтай Әбдібековпен кездесті. Тәуелсіз сарапшы фермердің шығынын есептейді. Оған нарық құны бойынша өтемақы төленеді. Жайылым, шабындық жерінен айырылған фермерлерге де көмек көрсетіледі.

«Біріншіден, қазір ауданда көптеген фермер өрттен зардап шеккен фермерлерге шөп шабу және мал жаю үшін өз жерін бермек. Екіншіден, бір жылға өтеусіз мемлекеттік жер бөлеміз. Мұндай шартты Жер кодексіне сәйкес жасаймыз», – деді Серік Шайдаров.

Бұған дейін Ұлытаудағы өрттен 300-ден аса мал қырылғанын жазған болатынбыз.