Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Республиканың басым өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, орталық өңірлерде жауын-шашын көп түсуі мүмкін. Қызылорда, Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел 15-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл соғады. Ақмола облысының басым бөлігінде жел 15-25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл соғады. Алматы, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-28 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, Ақтөбе облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел 15-25 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр, күндіз +21, түнде +15. Алматыда сенбіде ыстық болады, күндіз +30, түнде +22, найзағай ойнауы мүмкін.