Көкшетауда қолдан жасалған мотодельтаплан апатқа ұшырап, жасөспірім зардап шекті. Оқиғаның мәні-жайын полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр кентінде «Құлагер» атшабары аумағында орын алған. Анықталғандай, мотодельтапланның 64 жастағы пилоты мен 16 жастағы жасөспірім ұшып бара жатқанда аппарат кенет құлдилап, электр сымына соғылған.
«Салдарынан екі адам төрт метр биіктіктен құлады, 64 жастағы ер адам дәрігерлер қараған соң үйіне жіберілсе, жасөспірім Ақмола облыстық балалар ауруханасына «иығы сынды, ішінен соққы алды» деген диагнозбен жатқызылды. Қазіргі кезде, оның жағдайы бірқалыпты. Оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр», – деді ведомстводан.