Досаев: Теңгенің нығаюына доллар бағасы әсер етті
Досаев: Теңгенің нығаюына доллар бағасы әсер етті
Сурет: neonomad.kz
160
оқылды
Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев теңгені нығайтуға қандай факторлар әсер ететінін атап өтті.
«Бірінші жартыжылдықта валюта нарығы айтарлықтай тұрақты болды. Маусым айында теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, АҚШ долларына шаққанда 425 теңге деңгейінде тұрақтады. Шетел валютасына деген сұраныс теңгенің нығаюына әсер етті», — деді ол.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы ел экономикасының алғашқы жартыжылдықта 2,2% өскенін мәлімдеді. Президент ел экономикасының жақсаруына республиканың дағдарысқа қарсы жасалған шаралары оң әсер еткеніне тоқталды.                                                          Дәулет АСАУ.