2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша, шетелдік тікелей инвестицияның көлемі 4,4 млрд. долларды құрады. Ол туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде мәлім етті.
«Жартыжылдықтың есебі бойынша, бірқатар өңірлердің инвестициялық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсы. Олардың үздіктері ретінде Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласын атап өтуге болады. Ал Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында оның көлемі керісінше төмендеген», — деді Асқар Мамин.Еске салсақ, Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген кеңесі ашылғаны туралы хабарлаған едік. Жиында ел экономикасын індет жағдайында дамыту мәселелері қаралады. Дәулет АСАУ.