Кадрлар барлығын шешеді
Кадрлар барлығын шешеді
207
оқылды

Білікті кадрлардың жетіспеушілігі – Қазақстанның аграрлық секторындағы күрделі мәселелердің бірі. Ауыл­шаруа­шылық бағытындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының шындық­тары мен талаптарына сәйкес келетін қызмет­кер­лерді даярлаудың жаңартылған теориялық және практикалық негіздері әлі жоқ.

«Бүгінде тар профильді маман болу жеткілік­сіз: инженер, механик, оператор, агроном немесе мал дәрігері. Компанияның кез келген қызметкері жан-жақты болуға ұмтылуы керек. Сандық ауыл­шаруашылығы өзіндік шарттарды белгілейді. Ауыл­шаруашылық маманының техниканы білуі, агрономияны түсінуі, экономикалық білімі болуы, IT маманы, маркетолог, психолог, ауылшаруашылық инновациялары бойынша сарапшы, сату менеджері және менеджер болуы керек. Өкінішке қарай, біздің университеттерде қазір ауылшаруашылық талаптарына сай келетін білікті мамандарды дайындайтын бағдарлама жоқ. Сондықтан осы салада жұмыс істейтін адам­дарды оқытуға қаражат бөлу өте маңызды. Яғни, бүкіл команда үшін жүйелі түрде тренинг өткізу керек», – дейді Eurasia Group Kazakhstan Кадрлар департаментінің директоры Ольга Айткенова. кадр Eurasia Group AG – бұл швейцариялық инвестор және Джон Дирдің Қазақстан Республикасындағы ұлттық дилері, 20 жылдан астам уақыттан бері ол жаңа жұмыс орындарын ашып, өз кадрларын даярлауға және дамытуға қаржы бөліп келеді. Eurasia Group AG өз қызметі жылдарында өз компаниясының мамандарын және компания­ның ауылшаруашылық серіктестерінің техни­калық мамандары мен механизаторларын жалдау, оқыту және одан әрі өсіру мен дамыту жүйесін әзірледі. Қазір қызметкерлердің саны 400-ден астам адамды құрайды. Олардың барлығы дерлік өз саласында бірегей заманауи мамандар. Компания үшін клиенттер мен серіктестердің жоғары талаптары мен сапа стандарттары алдыңғы орында тұр. Компания қызметкерлерінің 70%-дан астамы жоғары білімді, 40%-ы шет тілдерін біледі, 30%-ы SAP және басқа халықаралық жүйелерде жұмыс істейді.Компанияда еліміздің бірде-бір ЖОО-да оқытылмайтын мамандықтары бар: бұл – қызмет көрсету бөлімінің өнім мамандары, сату менеджерлері, цифрлық технологиялар менеджерлері.

Қызметкерлердің жалақысы салалық орташа деңгейден жоғары, жайлы еңбек шарттары, зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, мұқтаж қызметкерлерге несие беру және қолдау бағдарламалары ойластырылған. Швейцария кеңсесінде адал қызметкерлер үшін құрылған арнайы зейнетақы қоры, сондай-ақ үздіксіз оқуға, кәсіби және мансаптық деңгейде өсуге, әлемнің кез келген елінде үздік фабрикалар мен кәсіпорындарда біліктілігін арттыруға негізделген сыйлықтар мен марапаттар бар.

«Компанияда жаңа қызметкерлерді бейімдеу, тәлімгерлік және көшбасшылық құзыреттіліктерді дамыту, топ құру әрекеттері бойынша бағдар­ла­ма­лар бар. Жыл сайын персоналға, мамандан­дырылған жабдыққа, смартфондарға, планшет­терге, машиналарға, құралдарға, бағдарламалық жасақтамаға инвестициялар 10 миллион АҚШ долларынан асады», – деп атап өтті Ольга Айткенова. Бірақ қорытындылай келе, бұл – компания­ның жеке бизнесін және оның қызметкерлерін дамытуға ғана емес, саланы дамытуға, клиент­терге қызмет көрсету деңгейін жақсартуға, кәсіби кеңес­терге, қолдауға, фермерлерге қызмет көрсе­ту және инновацияны ілгерілетуге, ауылшаруа­шылық өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арт­тыруға, ауылшаруа­шылық өндірісінің кіріс­тілігі мен өзін-өзі ақтауға арналған инвестиция.

Анықтама үшін. 2002 жылдан бастап компания Қазақстанда ашылған сәттен неміс және швейцариялық инвесторлар тобы тікелей инвестицияларға шамамен 65 миллион доллар инвестиция құйды, Қазақстанда 14 өкілдік ашты, құны 15 миллион доллардан асатын 14 қойма және 6 мамандандырылған шеберхана ашылды.

23 шілдеде Eurasia Group AG 10 гектар аумақта орналасқан ауданы 13 000 м2 болатын ТМД-дағы ең ірі John Deere дилерлік орталығын ашады, бұл тек қосалқы бөлшектермен үздіксіз жабдықтауды, күрделі жөндеу мен қалпына келтіруді қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар пайдаланылған жабдық фермерлер үшін де, ауыл шаруашылығы сала­сындағы жас мамандар үшін де жаңа технология­ларды оқытатын ірі орталыққа айналды.

Серік Әлімжанов, Нұр-Сұлтан қаласы