Сапар барысында депутаттар оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап көрді. Оқу орнының басшысымен құқықтық білім беру сапасын арттыру және мәселені шешу жолдарын арнайы талқылады.
Сенатор Нұртөре Жүсіптің айтуынша, халықтың әл-ауқатын жақсарту, білім беру мен ғылым саласын дамыту үшін қабылданған заң жобалары пандемия кезінде туындаған проблемалардың шешімін табу үшін өте маңызды. Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов жоғары оқу орындарында құқықтық білім берудің сапасын арттыру, осы саладағы мамандардың үздіксіз біліктілігін арттыру керегін айтты.«Пандемия кезінде елдің денсаулығын сақтап қалу үшін қашықтан оқытуға мәжбүр болдық. Оқытушылар үшін қашықтан оқыту бұрын-соңды жаңалық болмаса да, мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жаңаша оқыту форматын жан-жақты үйренді, дамытты. Тәжірибелі мамандардан қашықтан оқытудың әдіс-тәсілін үйренді. Кейбірі қайта оқып, онлайн курстарда тиімді әдіспен білім беруге бейімделді. Бірінің білмегенін бірі үйретіп, тың тәжірибелерімен бөліскендер де жетерлік. Мұның барлығы қоғамның қиындықты бірлесіп, жеңе алатынын көрсетіп отыр», – Нұртөре Жүсіп.
Депутаттар өңірлерге сапары барысында халықпен жүздесіп, аймақтардағы проблеманы заң аясында шешуге көмектеседі.