Қазақстандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасында екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасында екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды

Математикадан XXV халықаралық Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 5 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын, бір күміс және екі қола бар. Олимпиада 29 маусым мен 5 шілде аралығында Молдовада онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауға әлемнің 22 елінен 132 оқушы қатысты.

Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қаласынан алты оқушы, яғни республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орынды иеленді.
Алматы мектебінің оқушысы Байшуақ Райымбек олимпиада барысында мүмкін болған 40 балдан 40 балл жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Осылайша, Байшуақ Райымбек пен Юркевич Мирон алтын, Нағашбек Мұхаммед күміс, Сұлтанбек Байжанов пен Дамир Нұрланов қола медальдарға ие болды.
«Оқушыларымыздың халықаралық олимпиадаларда көрсеткен нәтижелері олардың білім сапасының, мектептерде сабақ беру, жаттықтырушылардың деңгейі және ата-аналардың осындай маңызды зияткерлік жарыстарда балаларына көрсетіп отырған қолдауының бірден бір дәлелі. Біз өз тарапымыздан қазақстандық оқушылар өздерін күллі әлемге таныта отырып, халықаралық байқауларда бұдан да үздік нәтижелер көрсетуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз. Мектеп оқушыларын жеңістерімен құттықтаймын және биік белестерді бағындыруларына тілектеспін», – деді ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО директоры Тимур Нұркешов.