Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы вице-министрі — министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Primeminister.kz.

"Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды", — делінген хабарламада.
Премьер-министр Асқар Мамин 45 жастағы жаңа вице-министрді ведомство ұжымына таныстырды.