Павлодар облысында суға батып кеткен адамның денесі табылды
Павлодар облысында суға батып кеткен адамның денесі табылды
Фото: Mail.ru
128
оқылды
Полиция тыйым салынған жерлерге суға түспеуге шақырады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 шілде күні сағат 12.20-да Ертіс өзенінің жағасында орын алған.
- Песчаное ауылының маңында суға шомылу кезінде суға батып кеткен 48 жастағы адамның денесі табылды. Куәгерлер бар, - дейді департаментте. 
Өткен жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалардың саны артқан. Көбінесе адамдар жүзуге тыйым салынған жерлерде қаза табады. Өткен жылы осы кезеңде жеті адам, оның ішінде екі бала қаза тапқан. Биыл 10 жағдай тіркелді, оның екеуі – бала.