Алма-Арасандағы кәсіпкердің әрекеті Қазнетті тәнті етті
Алма-Арасандағы кәсіпкердің әрекеті Қазнетті тәнті етті
© facebook/salta.virgilio
172
оқылды

Алма-Арасан шатқалында кофе және басқа сусындарды сататын ер адам ерекше акциясымен желіні тәнті етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Махаддин есімді ер адам бір мөшек қоқыс алып келген адамға тегін кофе, чай немесе какао береді. Кәсіпкердің акциясы туралы қоғам қайраткері Салтанат Тәшімова Facebook желісіндегі парақшасында айтты.
"Біз бұл адамға тәнті болдық. Көптеген кәсіпкерге үлгі. Сатушы туралы бірінші рет естуім", — дейді әйел адам.
Желі қолданушылары жазбаға ер адамның әрекетіне тәнті болғанын жазған.
"Жарайсыз, үлгі боларлық адам", "Өз жерін, Отанын шынайы жақсы көреді", "Жарайсыз. Бірақ не дегенмен де қоқыс тасымай-ақ қойған дұрыс", — деп жазды желі қолданушылары.