Оралда пойыз бір адамды қағып кетті
Оралда пойыз бір адамды қағып кетті
Фото: ianed.ru
128
оқылды
Оралда пойыз тағы бір ер адамды қағып кетті. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 11 шілде күні Депо көпірі астында болды. Жедел жәрдемге сағат 09.17-де қоңырау шалынып, бригада төрт минуттан кейін жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 80 жастағы ер адам жабық ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң аяғы кесілген, сол жақ жіліншігі сынған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. https://www.youtube.com/watch?time_continue=16&v=yYKF3CPwWJQ&feature=emb_title Көліктегі полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға Орал станциясы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі ("Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережесін бұзу") бойынша қарастырылып жатыр. Тексеріс жүргізілуде.