Италия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атанды
Италия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атанды
Фото: Eurosport.com
141
оқылды

Лондондағы "Уэмбли" стадионында Euro-2020 чемпионатының финалдық матчы өтіп, онда Англия мен Италия құрамалары кездесті.

Англиялық Люк Шоу матчтың екінші минутында итальяндықтардың қақпасына гол соқты. Бұл Еуропа чемпионатының финалдық матчтарындағы ең жылдам гол болды.  width= Италиялық Леонардо Бонуччи екінші таймда (67-ші минутта) есепті теңестірді. Негізгі уақыт пен қосымша уақыт аяқталғанға дейін есеп өзгерген жоқ. Матчтың нәтижесі пенальти сериясында шешілді. [caption id="attachment_150667" align="alignnone" width="740"]Италия Фото: fanday.net[/caption] Пенальти сериясында итальяндықтар 3 гол соғып, Еуропа чемпионы атанды. Италия - Англия 1:1, пенальтиден 3: 2 Осылайша, Италия құрамасы тарихта екінші рет Еуропа чемпионы атанды. Бұған дейін олар турнирді 1968 жылы жеңіп алған.