Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің басым бөлігінде ауа ағындарының әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста нөсерлі жаңбыр жауады. Тек ел өңірінің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі ықтимал. Ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде найзағай, бұршақ, тұман түсуі ықтимал.Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай соғып, қатты жел тұрады. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жел соғып, шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Түнде Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетуі мүмкін. Күн күркіреп, найзағай жарқырап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз дауыл тұрып, түнде тұман күтіледі.