Ресейде 13 жастағы жасөспірім жаңа туған қарындасын терезеден лақтырып жіберді
Ресейде 13 жастағы жасөспірім жаңа туған қарындасын терезеден лақтырып жіберді
©sputnik.kz

Ресей астанасы Мәскеу тұрғыны жаңа туған қарындасын терезеден лақтырып жіберді. Бұл жайында sputnik хабарлады.

"11 шілде күні Левобережная көшесі бойындағы тұрғын үй маңында сәбидің денесі табылды. Сәбиді терезеден лақтырып жіберген", - деді жергілікті тергеу комитеті.

Алдын ала анықталған ақпарат сәйкес, анасы өз жұмыстарына көңілі  ауып кеткен сәтте 13 жастағы бала сәбимен бір бөлмеде қалған. Жасөспірімнің психикалық ауытқуы бар. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Болған жағдай толықтай зерттелуде. Балалардың ата-анасы мен куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Қаланың тергеу комитеті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазір "абайсызда адам өлтіріп алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.