Жол апаты түн ортасында болған. Mercedes 190 автокөлігі Құлжа трактісімен оңтүстік бағытқа бет алып келе жатқан. Аяқасты автокөлік басқаруды жоғалтып, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп, Mercedes Volkswagen Touareg көлігімен соқтығысқан.
[caption id="attachment_150684" align="alignnone" > ©news.mail.ru[/caption] Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен Volkswagen-де баласымен отырған әйел зардап шекті. Оқиға болған жерге Mercedes жүргізушісінің ағасы келді. Оның айтуынша, інісі дәл сол күні коронавирусқа қарсы вакцина алған.Zakon.kz-тің мәлімдеуінше, жазатайым жағдай ер адамның денсаулығы нашарлауынан болған. [caption id="attachment_150685" align="alignnone" > ©news.mail.ru[/caption]«Кешке қарай ол өзін жайсыз сезініп, мазасы қашты. Содан үйге қайтпақ болған. Нәтижесінде, жол апатына түсті», - деді ол.